31.12.2022, 10:27 47896

Тоқаевтың атына Жаңа жылға орай мемлекет басшыларынан құттықтаулар келіп түсіп жатыр

Тоқаевтың атына Жаңа жылға орай мемлекет басшыларынан құттықтаулар келіп түсіп жатыр
Сурет: akorda.kz
Құттықтау жеделхаттарында Қазақстанның шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын нығайтудың маңызды аспектілері, басымдықтары атап өтілген. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына жүрекжарды тілектер айтылған

Астана. 31 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жаңа 2023 жылға орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Рим Папасы Франциск, Вьетнам Президенті Нгуен Суан Фук,Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак,Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Италия Президенті Серджо Матарелла, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Корея Президенті Юн Сок Ёль, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида,Кувейт Әмірі Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер әс-Сабах,Руанда Президенті Поль Кагама, Жаңа Зеландияның Генерал-Губернаторы Синди Киро, Сан-Мариноның капитан-регенттері Мария Луиза Берти мен Брахим Таха,сонымен қатар бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шет мемлекеттердің көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялардың, банктердің, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.
 
Құттықтау жеделхаттарында Қазақстанның шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын нығайтудың маңызды аспектілері, басымдықтары атап өтілген. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына жүрекжарды тілектер айтылған.
 
Құттықтаулар әлі де келіп жатыр.
 
Бұған дейін қазақстандықтардың жаңа жылдық мерекелерде қалай демалатыны туралы хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны