16.05.2014, 20:47 2961

А.Айдарбаев: Маңғыстау облысының экономика саласында жаңа мамандықтар оқытылуда

Аймақтың колледждерінде экономика сұранысына байланысты мамандықтар қайта қаралуда, деп Мәжілістегі парламенттік тыңдауда Маңғыстау облысында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау туралы әңгімелеген облыс әкімі Алик Айдарбаев ағынан жарылды.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Аймақтың колледждерінде экономика сұранысына байланысты мамандықтар қайта қаралуда, деп Мәжілістегі парламенттік тыңдауда Маңғыстау облысында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау туралы әңгімелеген облыс әкімі Алик Айдарбаев ағынан жарылды.

Бүгіннің өзінде колледждердің бағдарламасына байланыс технигі, көгілдір отын нысандарын пайдалануға беру технигі, құралдарды жөндеуші және басқада еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар енгізілді.

"Оның үстіне, Ақтау тренинг орталығы жанынан норвегиялық компаниялардың консорцумы құрылды. Пилоттық жоба ретінде 20 дәнекерлеуші мен монтаждаушыларды оқытып, оларға халықаралық дәрежеде сертификат беру жоспарланған. Сонымен қатар, олар жұмысқа да орналастырылатын болады. Бұл мақсатта 32 млн. теңге бөлініп отыр", - деп А.Айдарбаев өз ойын толықтырды.

Сонымен қатар, колледждердің материалды-техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджеттен 125 млн теңге, ал, республикалық қазына қорынан 175 млн. теңге қарастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны