16.05.2014, 20:46 3299

А. Айдарбаев мектептерде міндетті ТжКБ енгізуді ұсынды

Аймақ басшысы бұл пікірімен экономика саласында кәсіптік және техникалық кадр дайындау тақырыбы бойынша Мәжілісте өткен парламенттік отырыста бөлісті.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Орта білім беру мектептерінде жоғарғы сынып оқушылары үшін міндетті кәсіби техникалық білім беруді енгізу қажет деп Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлімдеді.

Аймақ басшысы бұл пікірімен экономика саласында кәсіптік және техникалық кадр дайындау тақырыбы бойынша Мәжілісте өткен парламенттік отырыста бөлісті.

А. Айдарбаевтың айтуынша, ақпараттық-насихаттау жұмысы да үлкен рөл атқарады, инженерлік-техникалық мамандықтар мен жұмыс деңгейінің мамандықтары өзгергендігін насихаттау қажет, деп ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жастар жетістіктің тарихын меңгерулері тиіс. Қазақстандық жастар үшін ең басты тұлға өз еңбек жолын Теміртаудан бастаған Елбасы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болуы тиіс. Президент үлгісі - қазіргі заман жастары үшін "әлеуметтік лифт" үлгісі, өз күшімен үлкен жетістікке жетуге болатындығының айқын белгісі", - деді А. Айдарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны