11.02.2021, 19:10 13013

АҚДМ ҮЕҰ-ға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша түзетулер дайындауда

Сарапшылар техникалық ерекшелікте қызмет көрсету сапасы мен шарттарына қойылатын талаптарды нақтылау қажеттілігін атап өтті.
Нұр-Сұлтан. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмдерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
9 және 10 ақпанда азаматтық қоғам саласындағы сарапшылардың, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың стандарты мен оны қалыптастыру, іске асыру мониторинг және нәтижелерді бағалау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі отырыстар өтті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын жетілдіру бойынша жұмыс "Зубр" Консалтинг орталығымен бірлесіп жүргізілді.
 

Стандарттың қолданылу кезеңінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру практикасын талдау - көрсетілетін қызметтердің түрлеріне қойылатын талаптарды өзгерту қажеттілігін көрсетті; бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың барлық кезеңдерінде стандартты іс жүзінде қолдану барысында бірыңғай түсінікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады АҚДМ баспасөз қызметі.

 
Сарапшылар техникалық ерекшелікте қызмет көрсету сапасы мен шарттарына қойылатын талаптарды нақтылау қажеттілігін атап өтті.
 
Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобалардың құнын айқындау мәселесі көтеріліп, жобалардың құнын сапалы қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірыңғай әдістеме әзірлеу ұсынылды.
 
Жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қалыптастыру кезінде жария талқылау мәселесін көтерді және осы опцияны ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің шешіміне беруді ұсынды.
 

Талқылау барысында азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік жобаларды іске асырудың сыртқы мониторингін енгізу туралы ұсыныс түсті", - деп қосты баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны