05.03.2021, 18:52 19897

АҚДМ "Қоғамдық бақылау туралы" заң жобасын талқылауға қатысуға шақырады

Нұр-Сұлтан. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қоғамдық бақылау туралы" заң жобасының "Ашық НҚА" интернет-порталында және ведомствоның интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Ашық НҚА" сайтына сілтеме жасап.
 
Заң жобасының негізгі мақсаты азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғамға есеп беруін қамтамасыз етуге арналған "Қоғамдық бақылау туралы" Заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырған болатын.
 
АҚДМ ниет білдірушілерді сілтеме бойынша қолжетімді заң жобасын талқылауға қатысуға шақырады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны