25.06.2014, 22:16 2953

А.Есімов: Алматыда мейманхана бизнесі мен туризмді дамыту потенциалы жоғары

Мегаполис басшысы қалада мейманхана бизнесі мен туризмді дамытудың потенциалы жоғары екендігін жеткізді. Мысалы, соңғы үш жыл ішінде Алматыда мейманхана саны үш есе артты, кіріс те екі есе өсіп, 14,5 млрд. теңгені құрады.

Алматы. 25 маусым. Kazakhstan today. Алматыда алғаш рет мейманханаға қатысты Халықаралық форум өтті. Аталған шараны Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Қазақстандық мейманхана және мейрамханалар ассоциациясы бірігіп ұйымдастырды.

Форумды ашқан Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаланың британдық танымал зерттеу жұмысына орай әлем қалаларының бастапқы ондығына кіргендігін атап өтті. Мегаполис басшысы қалада мейманхана бизнесі мен туризмді дамытудың потенциалы жоғары екендігін жеткізді. Мысалы, соңғы үш жыл ішінде Алматыда мейманхана саны үш есе артты, кіріс те екі есе өсіп, 14,5 млрд. теңгені құрады.Қалада әлемдік отельдік брендер қалыптасты, олар - Ritz-Carlton, Intercontinental, Rixos және басқалары. Мұнда туристерге әлемдік стандарттағы қызметтер көрсетіледі, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Қала басшысы мейманханаларға жұлдыз белгілеуді ретке келтіруді атады. Мегаполис басшысы құрамына мамандар, қоғамдық өкілдер мен туристер енетін арнайы топ құруды, сол топтың мейманханаларға арнайы рейтинг беруі тиіс екендігін де айтты.

Алматы әкімі мегаполисте туризмнің қанат жая бастағандығын атап өтті. Қала 2012 жылдан бері қарай Бүкіләлемдік туристік Ұйыммен (ЮНВТО) қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. ЮНВТО-ның офисін Алматыда ашу Жібек жолына енетін елдер күшін біріктіріп, экономикалық пайда табуға да ықпал етер еді.

Алматы үшін экологиялық және тау шаңғысы туризмдерінің берері мол болмақ.

"Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша "Көк жайлау" тау шаңғысы туризмінің жобасы жүзеге аса бастады. Алдағы 10 жылда ол танымал тау шаңғысы куроттарының біріне айналатын болады", - деді Ахметжан Есімов.

Қазақстанның Еуразиялық одаққа енуі де іскерлік туризмді дамытатын болады. Өйткені, Алматы исламдық қаржыландырудың өңірлік хабасына айналмақ. 2017 жылы елімізде екі ірі халықаралық үлкен шаралар өтетін болады. Олар - ЭКСПО-2017 және қысқы Универсиада. Бұлар және визалық режимнің жеңілдетілуі туристердің көп келуіне ойдағыдай әсер етпек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны