Система Orphus

А.Есімов - Алматыда ҰОС қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген

16.04.2015, 17:43 2385

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығы және Қазақстан халқыныӊ Бірлігі күні қарсаӊында 200 алматылыққа пәтер кілттерін тапсырды. Соғыс ардагерлері, көпбалалы аналар, жетім балалар, өндірісте қаза болғандардыӊ отбасылары, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау салаларыныӊ қызметкерлері мен жас жанұялар жаӊа қоныс иелері атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ұлы күн - Жеӊістіӊ 70 жылдығы жақындап қалды, осыған орай Президенттіӊ тапсырмасы бойынша елімізде үлкен шаралар жүріп жатыр. Ескеретін жайт, бұрынғы Кеӊестер Одағыныӊ құрамында болған кейбір республикаларда бұл күн атап өтілмейді. Сіздер көрсеткен қаһармандық пен өшпес ерліктеріӊіздіӊ даӊқы қазақстандықтардыӊ жадында мәӊгі сақталып, ұрпақтан-ұраққа жалғаса береді", - деп атап өтті қала басшысы, деп хабарлайды almaty.gov.kz тілшісі.

Бүгінгі жаӊа қоныс иелері арасында Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері де бар.

"Мемлекет басшысыныӊ арнайы өкімі қабылданып, жыл сайын соғыс ардагерлеріне қажетті барлық жағдайлар жасалуда. Осыдан бес жыл бұрын барлық алматылық ҰОС ардагерлерініӊ пәтер мәселесі шешілген болатын. Содан бері қарай бізге еліміздіӊ өзге өӊірлерінен келгендер бар, міне, бүгін қалған ардагерлердіӊ тұрғын үй мәселесін толық шешіп отырмыз", - деді Ахметжан Есімов.

Қала әкімі жаӊа үйге қоныстанушыларды Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығымен құттықтады және ардагерлерге ерен ерліктері үшін алғыс білдірді, оларға денсаулық пен баянды өмір тіледі.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны