16.06.2014, 19:51 11993

А. Есімов: Қалада экологиялық таза көліктердің саны артатын болады

Қала басшысы алматылықтар арасында бүгінгі таңда "жасыл" таксидің кеңінен танымал екендігін атап өтті, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Қалада экологиялық таза көліктердің саны артатын болады, бұл туралы Алматы әкімі Ахметжан Есімов "Эко Taxi" компаниясының басқарушы директоры Максим Сарсеновпен кездесуінде айтты.

Қала басшысы алматылықтар арасында бүгінгі таңда "жасыл" таксидің кеңінен танымал екендігін атап өтті, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

"Қалалықтар компания жұмысына оң пікір білдіруде және "Эко Taxi" қызметінің жоғары екендігін, жолаушылар қауіпсіздігіне үлкен мән беретіндігін айтуда. Қала экологиялық таза көлікті, оның ішінде тығыздалған газбен жұмыс істейтін такси қызметін одан әрі дамытатын болады", - деді Ахметжан Есімов.

Компанияның басқарушы директоры Максим Сарсенов, айтып өткендей, экологиялық такси күткен үмітті ақтады және осы бағытта 100% жұмыс істеуде.

"Біз 8 тұрақты игердік, олар әуежай, Алматы 1, 2 теміржол вокзалдары. Тариф бағасы да қалалықтар үшін тиімді, 1 км 120 теңге. Ай сайынғы тапсырыстың 15% құрайтындығы қуантады. Сондықтан біз қосымша тағы да 800 экокөлік алу жөніндегі жобаны жасау үстіндеміз", - деді Максим Сарсенов.

Максим Сарсенов "Эко Taxi" жобасы аясында 243 жұмыс орны ашылғандығын айтты. Компанияның барлық жүргізушілері сынақ мерзімінен өтіп, арнайы тест тапсырады.

Естеріңізге сала кетейік, экологиялық таза такси жобасы өткен жылдың қыркүйек айында басталған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны