16.06.2014, 19:18 2801

И.Исекешев туристік саланы дамытудың үш сценарийін атады

Жалпы, оның айтуынша, 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту тұжырымдамасы арқылы заңнамалық тұрғыдағы мәселелер қаралған. Алдағы уақытта тұжырымдама заңнамалық актілердегі түзетулермен Парламентке ұсынылады.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев бүгін Мәжілістегі Үкіметтік сағатта Қазақстандағы туристік саланы дамытудың үш сценарийін атады.

"Біріншісі - пессимистік, егер сала бүгінгі қарқынмен дами бертін болса, 2020 жылға қарай жеке инвестиция ағымы 2 млрд долларды құрап, ЖІӨ көлеміндегі үлесі 1 пайызды құрайды, нәтижесінде 50-60 мың жаңа жұмыс орны ашылады", - дейді министр.

Екінші нұсқаға келер болсақ, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы инфрақұрылымға инвестиция тарту көзделген. "Жеке инвестиция ағымы 4,5 млрд долларды құрап, ЖІӨ көлеміндегі үлесі 1,5% жетеді де, 150-170 мың жаңа жұмыс орны ашылады", - дейді ол.

"Біздің мақсатымыз үшінші, оптимистік нұсқаға жету. Оған сай, жеке инвестиция көлемі 6 млрд долларды құраса, ЖІӨ көлеміндегі үлесі 4%-ға жетеді. Нәтижесінде 300 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан батыл қадамдардың қолға алынуын талап етеді", - дейді И.Исекешев.

Жалпы, оның айтуынша, 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту тұжырымдамасы арқылы заңнамалық тұрғыдағы мәселелер қаралған. Алдағы уақытта тұжырымдама заңнамалық актілердегі түзетулермен Парламентке ұсынылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны