28.11.2012, 19:28 2835

"А" корпусына кадрлық резервті іріктеумен айналысатын Ұлттық комиссия құрылады

Бұл туралы бүгін Ақордада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өтіп жатқан кеңейтілген мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Астана. 28-қараша. Kazakhstan Today - "А" корпусына кадрлық резервті іріктеумен айналысатын Ұлттық комиссия құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Ақордада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өтіп жатқан кеңейтілген мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Президент жанынан кадрлық резервті іріктеумен айналысатын Ұлттық комиссия құрылады",-деді Мемлекет басшысы.

Елбасының атап өтуінше, жаңа корпус қандайда бір ерекше элита емес. Онда халыққа қызмет ететін, әрі оның мүддесін қорғайтын мемлекеттік қызметшілер болады.

"Ескертемін, іріктеу барынша қатаң, ашық тек кәсіби іскерлік сапасына байланысты жүргізіледі",-деді ҚР Президенті, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны