03.04.2013, 19:04 5614

"А" корпусына кандидаттарды іріктеу кезінде ұсыну хаттарын қолдану қарастырылған

"А" қалыптасқан корпуысына кіруге үміткерлер әңгімелесуді Ақ Ордада өтеді... Айта кету керек, "А" корпусына кандидаттарды іріктеу рәсімі ұсыну хаттарын қолдануды қарастырады. Ұсыну хаттарын беру құқығына саяси мемлекеттік қызметкерлер, Парламент депутаттары, мәслихат хатшылары, ұлттық компаниялар басқармасының төрағалары ие", - деді Ғ.Ибдрахымов.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - "А" корпусына кандидаттарды іріктеу рәсімі ұсыну хаттарын қолдануды қарастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Президенті Икімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Ибдрахымов мәлім етті.

"А" қалыптасқан корпуысына кіруге үміткерлер әңгімелесуді Ақ Ордада өтеді... Айта кету керек, "А" корпусына кандидаттарды іріктеу рәсімі ұсыну хаттарын қолдануды қарастырады. Ұсыну хаттарын беру құқығына саяси мемлекеттік қызметкерлер, Парламент депутаттары, мәслихат хатшылары, ұлттық компаниялар басқармасының төрағалары ие", - деді Ғ.Ибдрахымов.

Сонымен қатар, ол әңгімелесу әр мемлекеттік қызметкермен жеке өтетінін атап кетті.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызметкерлердің басқару корпусын қалыптастыру мақсатында Кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Кеше комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Комиссия құрамына ҚР Президенті Икімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Ибдрахымов, Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары А.Судьин, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары С.Дьяченко, сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасы И.Бәйменов, Иділет министрі Б.Имашев, Премьер-Министр кеңсесінің басшысы Е.Қошанов, Президент кеңесшісі - Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Г.Ибдіқалықова кірді.

Бүгінде "А" корпусына әлеуетті үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталды, ол жарияланған сәттен бастап 1 ай жалғасады. Содан соң ізденіскерлердің жеке істері комиссиямен қаралады. Сосын комиссияның шешімдері, өз алдына сәйкес мемлекеттік органдарға, ұйымдарға бағытталады және комиссияның міндетті қарауына жатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны