01.09.2019, 18:26 43154

Ақмола облысы прокуратурасында Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

10 қызметкер II және III дәрежелі "Прокуратура ардагері", "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен марапатталды.

Көкшетау. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысының прокуратурасында Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, онда облыс прокуратурасының және прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.

Облыс прокуроры Т.Ғ.Тәшимбаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, жеке құрамға ҚР Конституциясының қабылданғанына 24 жыл толуына, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына арналған хроникалық-деректі фильм көрсетілді.

10 қызметкер II және III дәрежелі "Прокуратура ардагері", "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен марапатталды.

Ведомстволық наградаларды табыс еткеннен кейін прокуратураның жас қызметкерлерінің ант қабылдау рәсімі өтті. Осылайша, аудандық прокуратуралардың қатарын 11 жас қызметкер толықтырып, салтанатты түрде прокурор антының мәтінін айтты.

Облыс прокуроры жас прокурорларды ант қабылдаумен құттықтап, жаңа қызметкерлер біздің облыс прокуратурасының даңқты дәстүрлерін арттыратынына сенім білдірді.

Ант қабылдағаннан кейін жас қызметкерлер үшін облыс прокуратурасының мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны