05.03.2020, 23:06 5778

Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар этникалық қылмыстық топ құрықталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК.

Алматы. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар этникалық қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.

2020 жылғы 27 ақпанда ҚР ҰҚК "А" арнайы мақсаттағы қызметі мен Полиция департаментінің "Арлан" арнайы бөлімшесінің күштері мен құралдарын тарта отырып, операция жүргізу барысында трансұлттық қылмыстық топқа қатысушылар ұсталды.

Көпкезеңді жедел зерттеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 "Макаров" пистолетін және оларға 1300-ден аса патрон алды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны