Система Orphus

Ақмола облысындағы аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

19.03.2020, 19:44 5158

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысындағы аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді.

Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ақмола облысының аудан әкімінің орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны мен жалпы қамқорлығы үшін 600 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Алдын ала тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны