26.06.2020, 19:58 10560

Ақмола облысында жыл басынан бері 2085 адам баспанамен қамтамасыз етілді

Облыста қазіргі уақытта 38 үй салынып жатыр. Басым бөлігі нақтырақ айтқанда жиырмасы жалдамалы тұрғын үй ретінде берілсе, қалғаны екінші деңгейлі банктер арқылы несиемен бөлінеді.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысында жыл басынан бері 2085 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Жалпы пайдалануға берілген тұрғын үй аумағының көлемі 240 мың шаршы метрді құрады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы мәлім етті.

Өңірдегі бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру болып отыр. Алдымен көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге басымдық берілген.

Сатып алу құқығынсыз тұрғын үйлерді салу үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Облыста құрылысы жүріп жатқан 290 пәтердің 86-сы көп балалы отбасыларға арналған, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Облыста қазіргі уақытта 38 үй салынып жатыр. Басым бөлігі нақтырақ айтқанда жиырмасы жалдамалы тұрғын үй ретінде берілсе, қалғаны екінші деңгейлі банктер арқылы несиемен бөлінеді.

Алғашқы жарты жылдықтың қорытындылары бойынша біз 275 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыруға тиістіміз. Өткен жылмен салыстырғанда жоспар 2,5 пайызға артығымен орындалмақ, - дейді Асқар Мұратұлы.

Жалпы биыл 174 көп балалы отбасыларды жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету жоспарланған, - деп хабарлайды "Aqmola News".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны