13.11.2019, 13:38 1720

Ақмола облысының әкімі Корея Республикасының елшісімен кездесті

Тараптар, екiжақты экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстарды дамытуға қызығушылық танытып, бiлiм беру, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм және басқа да салаларда мүмкiн болатын ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Көкшетау. 13 қараша. Kazakhstan Today - Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Ким Дэсикпен кездесу өткiздi.

Тараптар, екiжақты экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстарды дамытуға қызығушылық танытып, бiлiм беру, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм және басқа да салаларда мүмкiн болатын ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

"Бүгiн, мүмкiндiктi пайдаланып, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнде болдым, онда студенттерге лекция оқыдым. Бiз бiрлескен академиялық мобильдiлiк бағдарламасын дамыта аламыз деп ойлаймын. Корея мен Ақмола облысы арасындағы екi жақты қарым-қатынастың әлеуетi зор екенiне сенiмдiмiн", - дедi Ким Дэсик.

Өз кезегiнде Ермек Маржықпаев екi жақты қарым-қатынаста осы фактi оң ықпал ететiне сенiм бiлдiрiп студенттер алмасу идеясын қолдады. Сонымен қатар, өңiр басшысы Ақмола облысы мен Корея арасындағы тауар айналысының әзiрше көп еместiгiне қонақтардың назарын аударды. "Сондықтан бiздiң мiндетiмiз - екi елге де пайда әкелетiн экономикалық, коммерциялық жобаларды көбiрек алмасу. Кореяның кәсiпкерлерiн бiздiң облысқа шақырғым келедi, өзара тиiмдi байланыстар табылады деп ойлаймын", - дедi Ермек Маржықпаев.

Кешке "Достар" мәдениет сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Кореядан арнайы келген оркестрдiң орындауында дәстүрлi корея музыкасының концертi өттi.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны