06.11.2019, 16:42 5770

Ақмола облысының Полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Баймұрзин Арманбек Хәкімбекұлы тағайындалды.

Нұр-Сұлтан. 6 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысының Полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды.

Көкшетау қаласында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев облыстық Полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды.

Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Баймұрзин Арманбек Хәкімбекұлы тағайындалды.

Полиция генерал-майоры Біләлов Берік Сұлтанғазыұлы лауазымынан босатылды, ол қызметін ІІМ-нің орталық аппаратында жалғастырады.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев облыс әкімі Ермек Маржықбаевпен бірге таныстырды.

А.Х. Баймұрзин 1974 жылы туған, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқаруда. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол. Әр жылдары ІІМ-нің Криминалдық полиция комитетінде және Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып қызмет етті. 2014 жылдан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаментін басқарды.

Министр облыстық полицияның жеке құрамына ішкі істер органдарын жаңғыртудың барысы және қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөніндеел Президенті басшысы белгілеген міндеттер туралы айтты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның алдына нақты міндеттер қойды. Ол міндеттер полиция қызметінің азаматтардың мүдделері мен қауіпсіздігіне тікелей қатысты. Бүгінде ішкі істер органдарының жұмысы барша қоғамның жіті назарында",-деді Министр Ерлан Тұрғымбаев.

Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны