14.07.2014, 20:10 3029

А.Сәрінжіпов: Қазақстанда жас таланттарды дамытуға көбірек көңіл бөлінуде

"ҚР Президенті қоғамда зияткерлік элитаны құру қажеттілігін айта отырып, елімізде білімді дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Жыл өткен сайын талантты жастарды дамытуға ерекше ден қойылуда. Қазақстанның зияткерлік болашағын алдағы ондаған жылдарға анықтап беретін бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар күшейтілуде", - деді А. Сәрінжіпов.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Физика пәнінен оқушылардың 45-ші Халықаралық олимпиадасының (IPHO-2014) ашылу салтанатында Қазақстанда жас таланттарды дамытуға көбірек көңіл бөлінуде, -деді.

"ҚР Президенті қоғамда зияткерлік элитаны құру қажеттілігін айта отырып, елімізде білімді дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Жыл өткен сайын талантты жастарды дамытуға ерекше ден қойылуда. Қазақстанның зияткерлік болашағын алдағы ондаған жылдарға анықтап беретін бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар күшейтілуде", - деді А. Сәрінжіпов.

Сонымен қатар ведомство басшысы, IPHO-2014 Астанадағы Назарбаев Университетінің базасында өтіп жатқандығының өзіндік мәні бар екенін атап өтті.

Бұл олимпиада да ел абыройын Имир Бралин, Иса Данат, Нұрбек Дінмұхаммед, Тұрсынбек Нұрислам, Дәулет Құрмантаев қорғауда.

Сондай-ақ, дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету Қазақстанның білім саласының басты басымдылығы болып табылады, деп ведомсвтодан хабарлады.

Халықаралық олимпиадалар балаларды жаңа қырынан көрінуіне, олардың одан ары жан-жақты дамуына септігін тигізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны