27.05.2014, 22:49 4211

А.Сәрінжіпов: ҰБТ-ға енгізілген жаңа сұрақтар сапалы болады

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы ҰБТ-ға 92 077 мектеп түлегі қатысады. Соның ішінде 63 603 мыңы қазақ тілді үміткер болса, 28 474 мыңы орыс тілді оқушылар.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. Биыл енгізілген жаңа сауалдардың барлығы сапалы болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

"Жыл сайын аппеляцияның жұмыс істейтіні анық. Барлық комиссия ақпаратты жинап Білім және ғылым министрлігіне жолдайды. Біз оны сараптай келіп, нәтижесінде жыл сайынғы сауалдарға өзгерістер енгіземіз. Кей кездері жарты пайыздық деңгейде сауалдарға өзгерістер енгізіледі. Оған себеп дұрыс құрастырылмау. Менің пікірімше, бұл көрсеткіш өте төмен. Енді биылдан бастап барлық сауал сапалы құрылады деп үміттенемін", - дейді еліміздің бас ұстазы.

Министрдің айтуынша, жаңадан енгізілген сауалдардың жалпы саны 14 мыңды құрайды.

"Біз жыл сайын қолданылатын 50 мың сауалдың 14 мыңын жаңарттық. Соның ішінде 7,5 мыңы қазақ тілді мектеп түлектеріне арналса, 6,7 мың сұрақ орыс тілді мектеп оқушыларына жаңадан қойылады", - дейді А.Сәрінжіпов.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы ҰБТ-ға 92 077 мектеп түлегі қатысады. Соның ішінде 63 603 мыңы қазақ тілді үміткер болса, 28 474 мыңы орыс тілді оқушылар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны