17.03.2020, 21:39 3279

АҚШ Нұр-Сұлтандағы Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына жедел көмек тапсырды

ЮСАИД агенттігі берген ЖҚҚ-ға 10 000 қолғаптар, 10 000 маскалар, 1 400 бір рет қолданылатын медициналық халаттар және 200 көзілдіріктер кіреді. Бұл құралдар Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен қалаларындағы медицина қызметкерлеріне таратылады

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін АҚШ өзінің Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (ЮСАИД) арқылы жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) Нұр-Сұлтандағы Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына тапсырды. Бұл құралдар АҚШ Үкіметінің COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының ықтимал таралуына дайындалу кезінде Қазақстанға көрсеткен жедел көмегінің бөлігі болып табылады. ЖҚҚ-мен қатар, ЮСАИД агенттігі Қазақстанның COVID-19 індетіне жауап беруін қолдау үшін қосымша қаржы бөлді.

ЮСАИД агенттігі берген ЖҚҚ-ға 10 000 қолғаптар, 10 000 маскалар, 1 400 бір рет қолданылатын медициналық халаттар және 200 көзілдіріктер кіреді. Бұл құралдар Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен қалаларындағы медицина қызметкерлеріне таратылады. Олар Қазақстандағы медициналық қызметкерлерге COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды тез және қауіпсіз түрде емдеуге мүмкіндік береді. Берілген ЖҚҚ алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлердің жұқтыру қаупін азайту үшін өте маңызды.

"Бүгінгі таңда әлемнің кез-келген жерінде жұқпалы аурулардың қаупі шекараларды оңай кесіп өтіп, бүкіл әлемде денсаулыққа қауіп төндіре алады, сондықтан халықаралық ынтымақтастық пен өзара қолдау мұндай сындарлы кезеңде өте маңызды", - деді Елші Мозер. "Біз адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатымен, COVID-19 індеттің таралуын тоқтату үшін жеке қорғаныс құралдарын беру және Төтенше резервтік қордан қаражат бөлу арқылы Қазақстан Үкіметінің күш-жігерін қолдайтынымызды мақтан етеміз".

Көмек тұрғысынан, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртанов "Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 індетті болдырмауға бағытталған күш-жігер аясында мүмкіндіктерді кеңейту үшін АҚШ пен Қазақстанның өзара ынтымақтастығын толығымен қолдайды".

Төтенше көмек көрсетумен қатар, АҚШ Қазақстанмен бірге халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға арналған бірқатар бағдарламалар бойынша тығыз жұмыс істейді, оның ішінде АИТВ және туберкулезге қарсы ұзақ мерзімді күш-жігер және денсаулық сақтау саласында техникалық көмек көрсету.

АҚШ әлемдегі денсаулық сақтау саласындағы ең ірі көмек көрсететін донорлардың бірі болып табылады. Соңғы онжылдықта АҚШ адам өмірін сақтау, індетке бейім адамдарды қорғау және әлемдегі қауымдастықтар мен елдердегі тұрақтылықты нығайту мақсатымен денсаулық сақтау саласына 90 миллиард доллардан астам көмек көрсетті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны