09.12.2024, 13:37 56881

АҚШ Сириядағы 75-тен астам нысанаға соққы берді

АҚШ әскерилері Сириядағы 75-тен астам нысанаға, соның ішінде "Ислам мемлекеті" халықаралық лаңкестік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) лагерлері мен содырларына бірнеше ондаған әуе соққысын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Azerbaycan 24 сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы "Х" әлеуметтік желісінде АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді.

CENTCOM күштері 8 желтоқсанда ДАИШ лагерлері мен содырларын талқандау мақсатымен бірнеше ондаған дәлдігі жоғары әуе шабуылын жасады", - деліінген жарияланымда.


Операция барысында B-52 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары, F-15 жойғыш ұшақтары және А-10 шабуылдау ұшақтары арқылы 75-тен астам нысанаға соққы жасалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль әскері Голан сыртындағы Сирия аумағына кіргенін жазған едік.

 https://kaz.inform.kz/news/aksh-siriyadagi-75-ten-astam-nisanaga-sokki-berd-7e06b6/
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны