15.06.2022, 16:52 12096

Қаңтардағы оқиғалар кезінде Тоқаев Ақордада болды

Қаңтардағы оқиғалар кезінде Тоқаев Ақордада болды
Сурет: akorda.kz
НҰР-СҰЛТАН. 15 МАУСЫМ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасының тілшісіне сұхбат берді.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде елден кетпегенін, өз резиденциясында түнегенін айтты. 
 

Барлық төңкерістің мақсаты – басқа адамдардың билікке келуі. Өзім туралы айтар болсақ, мен бұл күндері осында, президент резиденциясының ғимаратында болдым, ешқайда шықпадым. Тиісінше осында түнедім. Оқиға басталған сәттен бері мен астанадан кетпейтінімді айттым", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасының тілшісі Андрей Кондрашовке берген сұхбатында. 

 
Президент "ұшаққа немесе тікұшаққа отырып, Қазақстаннан кету" туралы ұсыныс болғанын айтты. 
 

Әлбетте, мен мұндай қадамды жоспарламадым. Соңына дейін осында болу керек деп шештім", – деді Мемлекет басшысы. 

 
Қазақстандағы қаңтар трагедиясының хронологиясы.
 
Ақпарат көзі: sn.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны