18.11.2019, 18:17 8696

Ақтау қаласында "Аулада қабылдау", "Жолда қабылдау" акциясы ұйымдастырылды

Шара барысында тұрғындардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын тыңдап, шешу жолдары қарастырылып, бірқатар кеңес берілді.

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 15 қарашасында 3 шағын ауданда Ақтау қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасыры полиция подполковнигі Қалдымұрад Айғарақовтың және Ақтау қаласының учаскелік полиция инспекторларының қатысумен осы ауданның тұрғындарымен бірлесіп "Аулада қабылдау", "Жолда қабылдау" акциясын ұйымдастырылды.

Шара барысында тұрғындардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын тыңдап, шешу жолдары қарастырылып, бірқатар кеңес берілді. Тұрғындардың басым көпшілігі аулада бейнекамера орнату жолдары, көліктерді дұрыс тұраққа орналастыру заңдылығы, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мәселелер және жаяу жүргіншіге арналған жаяу жүргіншілер жолын салу, ауладағы қаңғыбас иттерден сақтану жөнінде инспекторлармен сұрақ-жауап алмасты.

Бірінші шағын аудан тұрғыны Мамедов Гилал Билалоглы 29 үй мен спорт алаңының ортасымен автокөліктердің белгіленбеген жолымен жүруін тексеруге өтініш білдірді.

Осы шағын ауданның тұрғыны Леонова Райса Яковлевна көршілерімен бірге осы шағын ауданның тыныштығын, тәртібін қалыптастырып отырған 1 ш/а учаскелік полиция инспекторы Жұмабаев Бауыржан Жұмабайұлына алғыс білдірді. Аяқтан талмай әрбір отбасын жіті қадағалап, өз міндетін адал орындайды деді.

Сондай-ақ, қарттар үйінің тұрғыны Каким Қыдырғали Қуанышұлы Жаңаөзен қаласынан құжаттарын алуға көмек сұрады. Жауапты органдармен байланыса отырып, бұл түйіннің де шешімі табылады деп жауап берді тәртіп сақшылары.

2 шағын аудан бойынша тұрғындар 59 үйдің астында ашылған дүкеннің белгіленген мерзімнен тыс уақытта тұрғындардың мазасын алып, тыныштықты бұзатынын айтты. Тәртіпке бағынсын деген ұсыныспен тікелей Айғарақов Халдымұрад Бисенұлынан осы жерде дүкен иесін шақырып, ескерту беруін сұрады. Қабылдауда дукен иесімен түсіндірме жұмысы жүргізіліп, ескерту берілді.

Тұрғындар полицияның жұмысын жақсарту мақсатына қосар ұсыныс анкетасын белсене толтырып, бұл шараның тиімділігін айтып, Ақтау қалалық Полиция басқармасының бірінші орынбасарына алғыстарын білдірді.

4 шағын ауданның тұрғыны осы ауданның учаскелік полиция инспекторы Марат Қалдыбаевтан жиналған көпшілікке тағы да тыныштықты бұзбау заңдылықтарымен таныстыруды өтінді.

Сонымен қатар, 4 ш/а №47 үйдің тұрғындары №47 үйдің алдында газель автокөлігінің 3 айдан бері қараусыз тұрғанын айтып, көлік иесімен байланысып, көлікті алдыруын сұрады.

Полиция қызметкерлері аталған көлікті эвакуатор арнайы автокөлігімен айып тұрақта иесі анықталғанша жабылатынын айтып, жедел алып кетті. Мәселенің жедел шешілгеніне тұрғындар тәртіп сақшылары мен Департамент басшысына алғыс жолдады.

5 шағын ауданның тұрғындары Бычков Артеми теңіз жағалауының жол бойына орналастырылған сағатына 40 шақырым жол белгісін халықтың теңіз жағалауында дем алатын уақытында және оқушылардың оқудан кейін үйіне баратын мезгілдерінде шектеп, басқа уақытта автокөліктердің жылдамдығын сағатына 60 шақырымға дейін шектеуге ұсыныс берді.

Сонымен қатар, 5 ш/а 1 уйдің ауласында үй жайы жоқ адамдардың шоғырлануына тексеріс жүргізіп, шара қолдануды сұрады.

4 үйдің тұрғыны қария Болат Кұрамшин арнайы келіп, халық үшін жасап жатқан еңбектеріңізге рахмет, бұл шара арқылы алысқа шыға алмайтын біз сияқты қариялар үй ауласына шығып, сіздерге сұрақ қойып, жауап алып, әрі ұсыныс беруге тиімді шара екеніне оң баға беріп, сіздердің халыққа қол ұшын созып, жағдай жасап жатқандарыңызға жақсы баға беруге болады,- деп полиция қызметкерлерінің қолын алды.

6 шағын ауданның мұғалімі мектеп қадағалауындағы қиын балалардың тәртібі жайында және сабаққа соңғы кезде келмей жүрген оқушының аты жөнін атап, оның және ата-анасының жауапкершілігін қарауды сұрады.

Полиция департаменті мен Ақтау қаласы ПБ фронт- офисінде сұрағына жауап іздеген бірнеше тұрғын Маңғыстау облысы ПД басшысының міндетін атқарушы полиция полковнигі Халмурадов Амангелді Хайырмухамедұлымен тікелей кездесіп, тұрғындардың бірқатары өз мәселесін шешуге тиімді жол тапты.

Жаңа технологияның дамуымен Департаменттің арнайы тікелей әлеуметтік желілерінен де көптеген сұрақтар түсіп, жүгінушілерге жауаптар жолданды.

Облыс көлемінде өткізіліп жатқан "Аулада қабылдау", "Жолда қабылдау" шаралары әрмен қарай жалғасын тапты.

МО ПД Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны