28.05.2025, 10:51 50716
Ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелері үшін төлем алынбайды
Достарға айту
Ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелері үшін төлем алынбайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанда республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда қауіпсіздік пен көлік қозғалысының үздіксіз іске асырылуына кері әсер ететін ақаулар анықталған жағдайда, жол пайдаланушылары мұндай жол учаскелерімен жүріп өткені үшін жол ақысын төлеуден босатылады. Бұл норма төлем алу қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылды.
Егер ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.
Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді.
Бұл өзгеріс биылғы маусым айынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.12.2025, 13:46 36
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Премьер-министр еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есеп берді. Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау нәтижесінде ішкі жалпы өнім өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етіп отыр.
2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында көлік қызметі 20,3 пайызға, құрылыс 14,7 пайызға, сауда 8,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға ұлғайған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5 триллион теңгені құрап, жеке инвестициялардың көлемі 9,8 пайызға өскен.
Мемлекет басшысына макроэкономикалық тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жайында мәлімет берілді. Халықтың нақты табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту арқылы ішкі жалпы өнімнің өсімін қамтамасыз ету негізгі басымдық саналады. Инфляция деңгейін төмендету шаралары қарастырылып жатыр.
Олжас Бектенов желтоқсан айында шекарадағы бес өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары аяқталғанын айтты. Қазақстандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылды. Шағын бизнесті қолдауға арналған "Іскер аймақ" бірыңғай бағдарламасы қабылданды.
Бұдан бөлек, Премьер-министр жылыту маусымы жайында есеп берді. Сондай-ақ 2026 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру ерте басталғанына тоқталды. Бұл шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен экспортқа ден қоя отырып, егіс алқаптарының көлемін сақтауды және оны ұлғайтуды көздейді.
Президент Үкімет басшысына азаматтардың мүддесіне сай еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 20:43 106
Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды.
Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар.
Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 19:23 351
Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді.
Президентке мекемеде 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды.
Мектеп жас өскіндерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұрғынжаймен қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.
Білім ошағының негізгі мақсаты - келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады.
Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.
Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 16:42 856
Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 15:36 1106
Мемлекет басшысы "Тараз" шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы индустриаландыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, инвестициялық пул туралы мәлімет берілді.
Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, өсім 33 пайызды құраған. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 миллиард теңге болатын 56 инвестициялық жоба іске асырылған.
Мемлекет басшысына облыстағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді. Олардың қатарында "Қазфосфат" серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL ASIA IRON and STEEL компаниясы салып жатқан металлургия зауыты жобалары бар.
Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы "ЕвроХим-Қаратау" ауқымды инвестициялық жобасының аралық қорытындысы ұсынылды. Қазір күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауытты іске қосу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы өнім ішкі нарыққа жөнелтілді.
Алдағы уақытта пайдалануға берілетін Shengtai Biotech Co.Ltd жүгері өңдеу зауыты жөнінде де баяндалды. Шу ауданындағы бұл жобаға 1,5 миллиард доллар инвестиция салынған. Сонымен бірге Байзақ ауданындағы Zhongkai Kazakhstan International Company қант зауыты құрылысы жайында мәлімет берілді.
Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY компаниясының индустриалдық аймақта шығарылатын ауылшаруашылық техникалары көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.12.2025, 13:28 1451
Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары "Әмір және Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кәсіпорын медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар өндіреді.
Президентке медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы көрсетілді.
Әмір және Д" ЖШС-і әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалауға арналған жедел тестілердің көптеген түрін шығарады. Бұл өнімдер В және С гепатитін, ВИЧ-инфекциясын, миокард талмасын, сондай-ақ есірткі және психотропты заттарды анықтай алады.
Кәсіпорынға тиесілі медициналық бұйымдардың 200-ден аса атаулы түрі бар. Бүгінде серіктестікте 94 қызметкер еңбек етеді.
Мемлекет басшысына "Super-pharm" фармацевтикалық компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді.
Бұл - елімізде медициналық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Зауытта 600-ден аса еңбеккер жұмыс істейді.
Компания отандық нарықтағы бір реттік қолдануға арналған медициналық бұйымдарға сұраныстың 30 пайызын қамтамасыз етеді.
Атап айтқанда, кәсіпорын түрлі операциялар үшін хирургиялық және процедуралық жиынтықтарды, медициналық бетперденің барлық түрін, бірреттік қорғаныш киімін, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдарды өндіреді. Сонымен қатар медициналық шприцтер, инфузионды және қанды қайта құюға арналған система құралдары, басқа да өнімдер дайындалады.
Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2025, 23:21 1616
Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бұл еліміздегі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктірген алғашқы кешен.
Астанада мүмкіндігі шектеулі 42 мыңға жуық азамат тұрады. Олардың басым көпшілігі - балалар, жастар мен еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Олар орталықта спортпен тұрақты түрде шұғылданып, оңалту курсынан өте алады. Осылайша, әлеуметтік ортаға бой үйретеді.
Мекемеде көп функционалды спорт залы, реабилитация блогы, 15 медициналық кабинет, конференц-зал, сондай-ақ алты бөлмелі қонақ үй секторы қарастырылған. Мұнда оқу-жаттығу жиыны, жарыстар мен білім беру бағдарламалары кезінде параспортшылар жайғасады. Орталықта спорттың 12 бейімделген түрінен жаттығу жүргізіледі.
Спорт және білім салаларында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін маман даярлауға айрықша мән беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2025, 21:18 1976
Президент New Generation School Astana ғимаратына барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Елорда нысандарын аралау барысында Мемлекет басшысы Нұра ауданында орналасқан NGS Astana жеке меншік білім беру мекемесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
1320 оқушыға есептелген мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған. Оқушылар үш мезгіл тамақтандырылады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта қарастырылған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп құрылысының бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында бой көтергені жөнінде баяндалды. Қаржының 40 пайызын "Даму" қоры кредит ретінде бөлген.
Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залын аралап көрді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.12.2025, 10:57Словениядағы Ақпараттық ғылымдар институты (IZUM) Қазақстанмен цифрлық саладағы өзара іс-қимылды нығайтуда 29.12.2025, 11:12 2846Қазақстан АЭХА-мен техникалық ынтымақтастықты нығайтуда29.12.2025, 12:02 661Қазақстан мен Солтүстік Македония білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
23.12.2025, 20:50 102051Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына бейілділігін растады23.12.2025, 21:59 81801Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті22.12.2025, 18:58 81026Huawei Қазақстанда ICT академиялары үшін марапаттау рәсімін өткізді22.12.2025, 21:24 80476Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды23.12.2025, 19:29 76591Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
17.12.2025, 17:47 230641Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 226936Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225211Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222201Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213191Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

