24.03.2019, 21:08 9798

Ағымдағы жылғы қаңтарда Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің 5 нысаны іске тапсырылды

Бұл жерде сөз Алматы облысындағы Кербұлақ 1 - 4,5 МВт ЖЭС және Кербұлақ 2 - 4,5 МВт ЖЭС (жел электр станциялары); Қарағанды облысындағы "Гүлшат" КПМ Дельта - 40 МВт КЭС (күн электр станциясы); Маңғыстау облысындағы Жел энерготехнологиясы - 52,8 МВт ЖЭС (жел электр станциясы); Қарағанды облысындағы "Құрма" агрофирмасының 1,3 МВт Биогаз қондырғысы туралы болып отыр.

Нұр-Сұлтан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы қаңтарда Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК-інің) 5 нысаны іске тапсырылды. Бұл туралы Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің 2019 жылғы қаңтардағы нарығы бойынша "Самұрық-Энерго" АҚ әзірлеген талдамалық есепте айтылады. Бұл жерде сөз Алматы облысындағы Кербұлақ 1 - 4,5 МВт ЖЭС және Кербұлақ 2 - 4,5 МВт ЖЭС (жел электр станциялары); Қарағанды облысындағы "Гүлшат" КПМ Дельта - 40 МВт КЭС (күн электр станциясы); Маңғыстау облысындағы Жел энерготехнологиясы - 52,8 МВт ЖЭС (жел электр станциясы); Қарағанды облысындағы "Құрма" агрофирмасының 1,3 МВт Биогаз қондырғысы туралы болып отыр.

Республикадағы жұмыс істеп тұрған ЖЭК нысандарының саны 72-ге жетіп, жиынтық қуаттылығы 634 МВт-тықұрады (СЭС - 200,25 МВт; ЖЭС - 183,25 МВт; КЭС - 249 МВт; биогаз қондырғысы - 1,65 МВт).

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның ЖЭК нысандары (шағын СЭС-тер, ЖЭС, КЭС) 2019 жылғы қаңтарда 26 млн. кВтсағат электр энергиясын өндірді, бұл ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 27,5% -тін құрайды.

Тұтас алғанда, Жүйелік оператордың деректері бойынша, ҚР электр станциялары 2019 жылғы қаңтарда 9 944,4 млн. кВтсағат электр энергиясын өндірген. 2019 жылғы қаңтарда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өндіру Түркістан облысында айтарлықтай өскен (өсім 20% және одан астам). Дегенмен, электр энергиясын өндіру Алматы, Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарында төмендеген (5%-тен астам).

Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің 2018 жылғы нарығы туралы ақпаратты "Самұрық-Энерго" АҚ-ның "Нарықты дамыту" департаменті дайындаған есептен мынадай сілтеме бойынша алуға болады:https://www.samruk-energy.kz/kz/press/analitikaly-sholu.

"Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны