18.06.2015, 09:31 3524

И. Жақсыбеков Астана ЭКСПО-2017 құрылыс алаӊында көшпелі кеӊес өткізді

Астана қаласыныӊ әкімі, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарма төрағасы Иділбек Жақсыбеков көрме кешені нысандарыныӊ құрылыс барысын тексеріп, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК топ-менеджменті, Астана қаласы әкімініӊ орынбасарлары, сонымен қатар, мердігерлік ұйымдар мен инвестициялық компаниялардыӊ басшыларыныӊ қатысуымен көшпелі кеӊес өткізді

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ әкімі, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарма төрағасы Иділбек Жақсыбеков көрме кешені нысандарыныӊ құрылыс барысын тексеріп, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК топ-менеджменті, Астана қаласы әкімініӊ орынбасарлары, сонымен қатар, мердігерлік ұйымдар мен инвестициялық компаниялардыӊ басшыларыныӊ қатысуымен көшпелі кеӊес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

И. Жақсыбеков алдағы көрменіӊ басты нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстардыӊ барысымен егжей-тегжейлі танысты, деп хабарлады ұлттық компания, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Жалпы ауданы 174 гектарды құрайтын құрылыс алаӊында Қазақстанныӊ басты павильоны, конгресс-орталық, амфитеатр, халықаралық павильондар, сауда, ойын-сауық орталықтары, тұрғын үй кешендері, қонақ үйлер және басқа да нысандар салынып жатыр.

Кеӊес барысында И. Жақсыбеков құрылысты уақытылы қаржыландыру, Қазақстан павильоны, көрме нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды.

И. Жақсыбеков шара барысында көрме алаӊдары мен қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне бөлек тоқталып өтті.

Кеӊес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны