09.04.2015, 17:33 3860

И. Жақсыбеков: Катар Инвестициялық қорымен сауда-экономикалық қарым-қатынасты белсендіру керек

Бүгін Астана әкімі Иділбек Жақсыбеков Катар мемлекеті Инвестициялық қорыныӊ Бас атқарушы директоры шейх Абдаллай бен Мұхамед Ил Танимен кездесті. Тараптар екі елдіӊ инвестициялық дамуы және сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Астана әкімі Иділбек Жақсыбеков Катар мемлекеті Инвестициялық қорыныӊ Бас атқарушы директоры шейх Абдаллай бен Мұхамед Ил Танимен кездесті. Тараптар екі елдіӊ инвестициялық дамуы және сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қала басшысы өз сөзінде Қазақстан мен Катар мемлекеттерін екі жақты диалогтыӊ барлық деӊгейлерінде жылы және табысты қарым-қатынастар байланыстыратынын және осы бағытта белсенді жұмыстар жалғасын табатынын айтты, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Қазіргі кезде елорда әкімдігі мемлекеттердіӊ басшылары - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмир Тамим Бен-Хамадом Ил-Тани арасында қол жеткізілген Астана қаласында 1200 орындық орта мектеп салу туралы келісімді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды қолға алды.

- Өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін айтарлықтай әлеуетке ие сауда-экономикалық қарым-қатынастарды белсендіру қажет, әсіресе, білім, денсаулық сақтау, туризм бағыттары бойынша. Бұл сапарыӊыз біздіӊ жемісті кооперациямыздыӊ дамуына қосымша серпін беретініне сенімдімін, - деді әкім Катар делегациясына қаратып айтқан сөзінде.

Сонымен қатар, қала басшысы Катар Инвестициялық қоры тікелей қатыса алатын елордада жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобаларға тоқталды.

Осылайша, бірлескен кәсіпорындар құру үшін "Астана - жаӊа қала" арнайы экономикалық аймағы ұтымды алаӊ болып табылады.

- АЭА-на қатысушылар үшін жер салығы, мүлік салығы, корпоративтік табыс салығы және құрылыс барысында пайдаланылатын өндірісті қамтамасыз етуге қажетті тауарлар, материалдар мен қондырғылар импорты кезінде кеден баждары секілді салықтар мен баждардыӊ түрлері бойынша жеӊілдетілген нольдік мөлшерлемелер қарастырылған, - деп түсіндірді әкім. - Біз инвестициялар тартып қала аумағында жаӊа өндірістер ашуға мүдделіміз.

Кездесу барысында тараптар инвестиция, өнеркәсіп, коммуникация салаларында өзара тиімді ынтымақтастық орнату бойынша бірқатар міндеттерді айқындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны