21.08.2019, 12:51 61949

"Ақжайық - адалдық алаңы" сауда нысандарында ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізу сапасын арттыруға назар аударуда

Орал. 21 тамыз. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 20 тамызда "Ақжайық - адалдық алаңы" жобасының аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық департаментінің өкілдері "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсенің төрайымы Әлия Салиевамен, облыстық ветеринарлық бақылау қадағалау инспекциясының, қалалық ветеринарлық бөлім қызметкерлерімен бірлесе отырып Орал қаласындағы "Ел ырысы" базарында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ветеринарлар кәсіпкерлерге жүргізіліп жатқан санитарлық іс-шаралар туралы түсініктеме беріп, мал шикізаты мен одан жасалған өнімдерді сауда нысандарында ветеринарлық құжаттармен қабылдаудың және оларды заңға сәйкес саудалаудың маңызы туралы ақпарат берді.

Айта кету керек, бруцеллез дертіне қатысты эпизоотиялық ахуал бойынша проблема жобалық кеңсенің отырысында талқыланған болатын. Ол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне келіп түскен көптеген арыз-шағымдар, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы келген шағымдар, сондай-ақ, осы саладағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне қатысты жедел тергеу іс-шараларының нәтижелері осындай отырыс өткізуге негіз болған еді. Іс-шара барысында малдың қанынан сынама алу және оны зертханада тексеру процедуралары туралы ақпарат берілген.

Бруцеллез дерті анықталған малдың иесіне малды сойысқа 15 күннің ішінде тапсыру туралы нұсқама беріледі,- деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Казбек Тәшімов.

Оның айтуынша, егер адам қан зерттеулерінің нәтижелерімен келіспейтін болса, зерттеу қайтадан жүргізіледі. Ауыл тұрғындары арасындағы түсіндірме жұмыстары әрбір ауданда жүргізілді.

Мал сойыс орнына тегін жеткізіледі, деп түсіндірді Казбек Тәшімов. Іс-шараның қорытындысы бойынша сауда нысандарында ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізу сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеуге қатысты нұсқаулар мен ұсыныстар берілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны