21.11.2019, 12:21 26471

"Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментімен бірлесе отырып "Жолда қабылдау" шарасын өткізді

Әрбір бөлімшеде "Автоураган" (автодауыл) кешендері жұмыс істеді. Ол арқылы айыппұлдар бойынша берешекті тексеріп, сол жерде төлем жасауға, электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін көріп танысуға болады.

Орал. 21 қараша. Kazakhstan Today - "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментімен бірлесе отырып "Жолда қабылдау" шарасын өткізді. Бұл - осымен сегізінші іс-шара. Қала тұрғындары азаматтарды қабылдау бойынша жылжымалы бөлімшелерге келіп жүгіну мүмкіндігіне ие болды.

Әрбір бөлімшеде "Автоураган" (автодауыл) кешендері жұмыс істеді. Ол арқылы айыппұлдар бойынша берешекті тексеріп, сол жерде төлем жасауға, электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін көріп танысуға болады.

Жалпы алғанда сәуір айынан бері жолда қабылдау бөлімшелеріне 3 мыңға жуық адам келіп жүгінген, олардың барлығы да өз сұрақтарына жауап ала алады.

Адамдар көбінесе автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін алу сұрақтарымен жүгінеді.

Сондай-ақ, жүргізушілерді тағы бір толғандыратын мәселе - көлікті қайта жабдықтауға рұқсат алу тәртібі.

Осы жолы қабылдауды "Ақжайық -адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің төрайымы Әлия Салиева, Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің басшысы генерал-майор Махсұдхан Әбіләзімов пен облыстық Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері жүргізді.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Сүйенбаевтың айтуынша, азаматтар әсіресе жолдағы қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылық білдіреді.

"Бізден қандай шара қолданып жатқанымызды сұрайды, өз ұсыныстарын да айтып жатады. Бұның бәрі бізге көмек. Сонымен қатар көші-қон қызметі, жұмысқа қабылдау, айыппұл төлеу бойынша да сұрақтар қояды", - деді полиция қызметкері.

Осы және өзге де сұрақтар азаматтарды қабылдау барысында қойылып, бақылауға алынды, және барлық өтініштер бойынша тиісті жұмыстар ҚР заңнамасының шеңберінде жүргізілетін болады.

Осыған ұқсас бірлескен іс-шаралар адамдардың проблемаларын барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Облыстың әрбір тұрғыны мекеменің басшылығына тікелей келіп жүгіне алады, бұл қызметкерлердің жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюға септігін тигізеді, дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны