23.07.2019, 15:29 16885

"АҚЖАЙЫҚ -АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" жобалық кеңсесі аудандарға шықты

Орал. 23 шілде. Kazakhstan Today - "АҚЖАЙЫҚ -АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" жобалық кеңсесі құрылғаннан бері көп жұмыс атқарылды.

Қазір ол облыс аудандарында да жұмысын жандандыра түсті. Іссапарлардың басты мақсаты - мемлекеттік қызметтерді көрсету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болу себептерін анықтау және оларды жою және тұрғындарды Aqjaiyq Adaldyq Alany жобасының жұмысымен таныстыру мәселелері бойынша ауылдық округ тұрғындарымен кездесу.

Aqjaiyq Adaldyq Alany жобасының қызметкерлері ең алдымен облыс орталығынан 217 шақырым жердегі Қаратөбе ауданындағы Қоскөл ауылдық округіне барды.

Бұдан бөлек, кеңсе қызметкерлері Қаратөбе ауданының "Ханкөл", "Жусанды ой", Сырым ауданының "Арал төбе" ауылдарының тұрғындарымен жүздесті.

Облыстың шалғай аудандарына жасалған бұл сапарлар адамдардың сапалы ақыл-кеңестер ала алмайтынын, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын пайдалана алмайтынын көрсетіп отыр. Атап айтқанда, "Қоскөл" ауылдық округі тұрғындарымен кездесуде "Zhas project" мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттар бөлу мәселесі көтерілді.

"Өзін-өзі жұмыспен қамтыған кейбір адамдар бағдарламаға өтініш берсе де, бизнес жүргізуге арналған ақысыз грантты ала алмаған болса, керісінше, тұрақты жұмыс орны барларға грант берілген. Бұл ауыл тұрғындары арасында байқаудың әділ әрі ашық түрде өткізілетініне күмән тудыруға негіз болған. Сол себепті Aqjaiyq Adaldyq Alany жобалық кеңсесінде "Атамекен" ҰКП сарапшыларын тарта отырып, бұл мәселе зерттеліп, осындай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болу мүмкіндігін жою бойынша ұсыныстар әзірленетін болады", - деді "АҚЖАЙЫҚ -АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" жобалық кеңсесінің төрайымы Әлия Салиева.

Бизнесті дамыту және жұмыссыздықты жою бойынша мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысты көп сұрақтар қойылды.

Ауыл тұрғындарын жем мен газ бағасының қымбаттығы және әлеуметтік жәрдемақыларды алу жайттары толғандырады.

"Аралтал" тұрғындары басты проблемалары ретінде медициналық көмектің жоқтығын атады.

Барлық жүгінген жандарға ақыл-кеңестер және түсініктемелер берілді. Мобильдік топ мүшелері өңірдің барлық аудандарында болмақшы. Кездесулердің қорытындысы бойынша проблемалар жүйеленіп, оларға қатысты шаралар қолданылатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны