17.01.2008, 19:27 2853

"Абай" шахтасында болған қайғылы оқиға қауіпті өндірістерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ҚР ТЖМ-нің басымдықтарына қосады

"Абай" шахтасында болған қайғылы оқиға қауіпті өндірістерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ҚР ТЖМ-нің басымдықтарына қосады

Астана. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасында болған қайғылы оқиға қауіпті өндірістерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ҚР ТЖМ-нің басымдықтарына қосады. Бұл туралы ТЖМ алқа мәжілісінде мекеме басшысы Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның "Абай" шахтасында 11 қаңтарда метан жарылысы салдарынан 30 кеншінің қаза табуы еліміздегі аса қауіпті өндірістерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді басымдықтардың санатына қосады", - деді В. Божко.

"Қауіпті өндірістердегі, бірінші кезекте көмірді жер қойнауынан көмір мен түсті металл кендерін қазып алудың негізгі технологиялық процестердің қауіпсіздігін қадағалаудың тәуелсіз автоматтандырылған қадағалау жүйесін жасау мен оларды енгізуге уақыт ұттырмай шара қолдану қажет", -деді ол.

"Бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын біршама қатайту, қатерлі өндірістердің бірінші басшыларының тиісті нормативтердің бұзылғандығы үшін жүктейтін жеке жауапкершілігін күшейту, өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекет тарапынан қадағалау тетіктерін жетілдіру, қатерлі өндірістердегі іс-қызметті техникалық реттеу, кәсіпорындар мен нысандардың қауіпсіздігіне декларация беру, қатерлі нысандардың қожайындарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға қойылатын талапты күшейту қажет. Құтқару операцияларын жүргізудің жңа әдістері мен технологияларын қарқында енгізу қажет", - деді министр.

Оның айтуынша, құтқарушы күштерді қазіргі заманғы техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету, құтқарушыларды жаңа құтқару технологияларына оқыту табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындық деңгейін көтеру басымдыққа жатуға тиіс. ""Абай" шахтасында болған апат ТЖМ-нің кәсіби тау-кен құтқару қызметтерін, соның ішінде бірінші кезекте жер астынан көмір қазып алатын нысандарға қызмет көрсетуші ұйымдарды түбегейлі қайта жыбдықтау қажеттігін тағы бір растайды", - деді В. Божко.

"Көмір өнеркәсібінде, соның ішінде көмір департаментінің шахталарында қызмет көрсететін кәсіпорындарда апат болған жағдайда, сондай-ақ өрт сөндіруде, газ жарылысының салдарын жою барысында адамдарды құтқаруға негізделген республикадағы жалғыз қызмет болып табылатын "Көмір" Искерилендірілген апаттан құтқару қызметінің техникалық жағдайы жыл санап нашарлап барады",- деп атап өтті ол осыған байланысты.

Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, қазір пайдаланылып отырған апаттан құтқару жабдықтары, сондай-ақ, "Көмір" Искерилендірілген апаттан құтқару қызметінің арнаулы құтқарушы автокөліктері 15 - 25 жыл бойы пайдаланылып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны