15.05.2008, 10:52 1255

"Абай" шахтасындағы жарылыс оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу уақытша тоқтатылды - прокуратура

"Абай" шахтасындағы жарылыс оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу уақытша тоқтатылды - прокуратура

Қарағанды. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасындағы жарылыс оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Уақытша тоқтату өрттік - жарылыстық - техникалық сараптама жүргізумен байланысты және тек сараптама нәтижелері алынғаннан кейін ғана қайта жалғасын таппақ", - деп хабарлады прокуратураның баспасөз хатшысы Нұрбек Құзбақов.

Қылмыстық іске тергеу жүргізілгелі 4 ай болды. естеріңізге сала кетсек, 11 қаңтарда "Арселор Миттал Теміртау" АҚ тиесілі "Абай" шахтасында жарылыс болып, нәтижесінде 30 адам қайтыс болып, 12 адам әртүрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны