21.09.2020, 21:07 5319

Абай шыңында ұлы ағартушының құрметіне ту орнатылды

ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері 4010 метр биіктікте Іле Алатауы жотасының сілемінде орналасқан Абай шыңына шықты.

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Абай шыңында ұлы ағартушының құрметіне ту орнатылды.

ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері 4010 метр биіктікте Іле Алатауы жотасының сілемінде орналасқан Абай шыңына шықты.

Акция қазақтың ұлы ойшылы, жазушы және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының мерейтойына орайластырылды.

Жарысқа қатысушылар маршрут бойынша қозғалысты "Тұйықсу қақпасы" базалық лагерінен бастады. Әскери қызметшілер күрделі сейсмикалық қауіпті учаскелер мен жартастарды еңсеру барысында жауынгерлік машықтары мен шеберліктерін көрсетті. Топ құрамында алғаш рет осы биіктікті бағындырған альпинистер де болды.

Әскери қызметшілер шыңды бағындырғаннан кейін оған Қазақстан Республикасының туын тікті. Сондай-ақ, шың басына Қарулы Күштер атынан ескерткіш мәрмәр тақтасы орнатылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны