10.01.2014, 18:28 3137

Иблязов Француз заңнамасына сәйкес сот шешіміне 5 күн ішінде шағым келтіре алады

ҚР Бас прокуратурасы бүгін таратқан баспасөз хабарламасында айтылғандай, 2014 жылғы 9 қаңтарда Экс-ан-Прованс қаласының соты М.К. Иблязовты Ресей Федерациясы мен Украинаға экстрадициялау туралы шешім шығарған.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, Француз заңнамасына сәйкес, сот шешіміне шағым келтіруге Иблязовта және оның қорғаушыларында 5 күн уақыт бар, деп хабарлайды Kazakhstan today.

ҚР Бас прокуратурасы бүгін таратқан баспасөз хабарламасында айтылғандай, 2014 жылғы 9 қаңтарда Экс-ан-Прованс қаласының соты М.К. Иблязовты Ресей Федерациясы мен Украинаға экстрадициялау туралы шешім шығарған.

Мекеме ақпаратына сәйкес, "Мұхтар Кабулович Иблязовті бірқатар қылмыстар жасады деген айыппен бірнеше мемлекеттің құқық қорғау органдары іздестіруде.

2009 жылғы 6 наурызда М.К.Иблязовқа халықаралық іздеу жарияланды, өйткені ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 235-бабының 4-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару), 176-бабының 3-бөлігі (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде иеленiп алу немесе ысырап ету), 177-бабының 3-бөлігі (iрi мөлшерде жасалған алаяқтық), 193-бабының 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру), 220-бабының 1-бөлігі (банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану), 228-бабымен (коммерциялық ұйымдағы басқару қызметтерiн атқаратын адамның өкiлеттiктерiн теріс пайдалануы) қарастырылған қылмыстар бойынша айыпталуда.

Ресейлік құқық қорғау органдары М.Иблязовқа Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-бөлігі (қызмет бабын пайдалана отырып аса iрi мөлшерде жасалған алаяқтық), 165-бабының 2-бөлігі (аса ірі мөлшерде зиян келтіру), 174.1-бабының 3-бөлігімен (қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру) қарастырылған қылмыстарды жасады деген айып тағуда.

Украинаның Тергеу органдары Иблязовты Украина Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (iрi мөлшерде жасалған алаяқтық) және 191-бабының 1-бөлігі (бөтен мүлiктi иеленiп алу

және ысырап ету) бойынша қылмыстар жасағаны үшін айыптауда.

2013 жылғы 31 шілдеде Иблязов Францияның Грасс қаласы маңында орналасқан виллалардың бірінде ұсталды.

2013 жылғы 1 тамызда Экс-ан-Прованс қаласының соты Иблязовты қамауға алуға санкция берді.

2013 жылғы 22 тамызда, содан кейін 3 қазанда Иблязовты қамауда ұстау туралы сот актісіне оның адвокаттары келтірген шағымдар нәтижесіз болды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны