14.05.2009, 18:18 3002

Аблязовтың шетелдегі мүлкі анықталып, тәркіленеді - Бас прокуратура

Аблязовтың шетелдегі мүлкі анықталып, тәркіленеді - Бас прокуратура

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "БТА Банк" АҚ директорлары кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Аблязовтың шетелдегі мүлкі анықталып, тәркіленеді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Прокуратураның басты мақсаты айқын: Мұхтар Аблязовтың барлық заңсыз әрекеттерін, соның ішінде мүліктік және мүліктік емес іс-әрекеттерін объективті анықтау қажет. Банктің барлық активтерін қайтару керек", - деді С.Нұрпейісов.

Бас прокуратура өкілінің хабарлауынша, "қазір еліміздің құқық қорғау органдары Мұхтар Аблязов пен онымен афилиирлік байланыстағы кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың ТМД және алыс шетелдердегі мүлкін анықтауда".

С. Нұрпейісовтың айтуынша, Мұхтар Аблязовтың шетелдегі барлық мүлкі анықталған соң прокуратура оған тоқтам салуға қажетті барлық шараны қолданатын болады.

"Бізбен тисті мемлекетаралық құқықтық келісімдерге қол қойған елдердегі мүлік тәркіленеді", - деді ол.

Ресми өкілдің хабарлауынша, Бас прокуратура Мұхтар Аблязовтың ТМД елдеріндегі мүлкін бір аптадан кейін жария ете алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны