04.07.2008, 16:32 2497

"АБС Балқаш" тау-кен компаниясының конкурстық басқарушысы заңсыз сауда жүргізгені үшін несие берушілердің пайдасына 2 149 897 702 теңге төлеумен қатар 2 жылға бас бостандығынан айрылды

"АБС Балқаш" тау-кен компаниясының конкурстық басқарушысы заңсыз сауда жүргізгені үшін несие берушілердің пайдасына 2 149 897 702 теңге төлеумен қатар, 2 жылға бас бостандығынан айрылды

Қарағанды. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық сотының үкімімен "АБС Балқаш" тау-кен компаниясының конкурстық басқарушысы Құрасбек Байтоқаев ҚР Қылмыстық кодексінің 228-бабында қарастырылған (Өкілеттігін асыра пайдалану) қылмысы үшін заңсыз сауда жүргізгені үшін несие берушілердің пайдасына 2 149 897 702 теңге төлейді, сондай-ақ, 2 жылға бас бостандығынан айрылды. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қарағанды облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, Қ. Байтоқаев "Банкроттық туралы" заңды бұза отырып, сатып алушы "Рудснабсервис" ЖШС-мен қойма мен бөгетке байланысты сату-сатып алу келісімін жасаған кезде өзге ұйымдар үшін пайда табу және басымдыққа ие болу мақсатында келісім заттарының тізіміне қойма мүлкінің топтамасы ретінде сауда бұйымы болып табылмайтын техногендік минералдық құрылымдарды заңсыз енгізген.

"Соттың тауарға жасаған талдауының қорытындысына сәйкес, Балқаш кен байыту фабрикасының қоймасында жатқан құрамында алтыны мен күміс бар техногенді минералдық құрылымдардың нарықтық құны 2 149 897 702 теңгені құраған. Оның 2 116 007 084 теңгесі алтын және 33 890 618 теңгесі күміс", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны