20.02.2014, 19:22 3699

Ибу-Дабиде Орталық коммуникациялар қызметі мен БАИ Ұлттық медиа кеңесі меморандумға қол қойды

Орталық коммуникациялар қызметі мен Ұлттық Медиа Кеңесі тақырыптық іс-шаралар, семинарлар мен курстар, бірлескен зерттеулер ұйымдастырады және екі жақ та мүдделі ақпараттық бағдарламаларды жүзеге асырады.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. Ибу-Дабиде өткен кездесулер мен келіссөздердің қорытындысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Біріккен Араб Имірліктерінің Ұлттық Медиа Кеңесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Ибу-Дабидегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен, Қазақстан тарапынан Меморандумға Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаров, әмірлік тарапынан - БАИ Ұлттық Медиа еңесінің директоры Ибрахим Ил Абед қол қойды.

"Қазақстан мен БАИ арасындағы достық қарым-қатынастың негізінде, тараптар екі елдің ақпараттық кеңістігінде жалпы адамзаттық, мемлекеттік және патриоттық құндылықтарды, ұлттық бірлікті, рухани-адамгершілік құндылықтарға деген құрметті, салауатты өмір салтты, ашықтық пен толеранттылықты қолдау жөніндегі жан-жақты өзара іс-шаралар мен халықаралық байланыстарды нығайту жөніндегі түбегейлі келісімге қол жеткізіп отыр", - деп Орталық коммуникациялар қызметінен хабарлады.

Орталық коммуникациялар қызметі мен Ұлттық Медиа Кеңесі тақырыптық іс-шаралар, семинарлар мен курстар, бірлескен зерттеулер ұйымдастырады және екі жақ та мүдделі ақпараттық бағдарламаларды жүзеге асырады.

Айта кетейік, Ұлттық Медиа Кеңесі (National Media Council, NMC) Біріккен Араб Имірліктерінің ақпарат саласында жалпы жетекшілік ететін федералдық орган болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны