10.12.2018, 02:11 8470

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот ісін жүргізу саласында азаматтардыӊ құқықтарын қорғаудыӊ өзекті мәселелері бойынша ҚР Жоғарғы соты төрағасыныӊ атына жүгінді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына соӊғы 12 айда азаматтардыӊ сот шешімдерімен келіспеуі туралы 329 шағым-арызы келіп түсті, бұл тіркелген өтініштердіӊ жалпы саныныӊ 26% - ын құрайды. 226 шағым сот ісін жүргізудіӊ қылмыстық түріне, 91 - азаматтық, 12 - әкімшілік түріне тиесілі.

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Омбудсмені Асқар Шәкіров ҚР Жоғарғы Сотымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында сот тәжірибесін жинақтау тәртібінде оныӊ Төрағасыныӊ атына қылмыстық процестегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпарат жолдады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына соӊғы 12 айда азаматтардыӊ сот шешімдерімен келіспеуі туралы 329 шағым-арызы келіп түсті, бұл тіркелген өтініштердіӊ жалпы саныныӊ 26% - ын құрайды. 226 шағым сот ісін жүргізудіӊ қылмыстық түріне, 91 - азаматтық, 12 - әкімшілік түріне тиесілі.

Шағым-арыздардыӊ басым бөлігі Астана, Алматы қалаларынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан келіп түскен.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтарды қылмыстық қудалау орбитасына жөнсіз тартудыӊ негізгі себебі сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында заӊдылық пен іс жүргізу нормаларыныӊ бұзылуы болып табылады. Аталған бұзушылықтарға сот бақылауы өкілеттілігі берілген тергеу судьяларыныӊ уақтылы баға берілмегені анық.

Арызданушылар өз хаттарында үкімніӊ негізіне, әдетте, қылмыстық қудалау органыныӊ айыптау актісі алынатынын; сот іс материалдарына тәуелсіз сараптамалардыӊ қорытындыларын, қорғау куәгерлерініӊ айғақтарын қосу туралы өтінішхаттарды қабылданбайтындығы; тергеу барысында іс жүргізу бұзушылықтары назарға алынбайтынын; кінәніӊ жанама дәлелдемелері жол берілетіндігін жиі атап өтеді.

Жоғарыда аталғандар ҚР Бас прокуратурасыныӊ деректерімен расталады, оған сәйкес 2018 жылы апелляциялық сатыда өзгертілген және жойылған сот актілерініӊ саны 1,5 есеге өсті. Прокуратура органдарыныӊ наразылықтары бойынша кассациялық саты 200 - ден астам сотталған адамныӊ жағдайын жақсартты (оныӊ ішінде 12 адам толықтай ақталды, 19-ішінара, қалғандары жазаны өтеу мерзімі, ұстау режимі төмендетілді).

Осыған байланысты ҚР Жоғарғы Сотыныӊ кеӊейтілген кеӊесінде 2017 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша судьялардыӊ алдында тараптардыӊ сот ісін жүргізуде жарыспалылық қағидатын дамыту және сот процестерінде айыптау еӊістігі практикасынан жалтару міндеті қойылғандығы атап өтілді.

Жоғарғы сот органы басшысыныӊ назары азаматтардыӊ тергеу және сот процестері барысында қылмыстық іс жүргізу нормаларын бұзу, кінәсіздік презумпциясы қағидаларын сақтамау, сотқа дейінгі тергеу барысында азаптауды қолдану, адвокаттардыӊ қатысуынсыз жауап алу фактілері туралы арыздарына аударылды.

Мәселен, осындай шағымдардыӊ бір авторы сот оныӊ өзі қатысқан жеке басын тану туралы хаттамасын емес, 30 жыл бұрын түсірілген фотосурет арқылы жеке басын тану туралы хаттамасын ұйғарынды айғақ ретінде қабылдағанын көрсетті. Қудалау органы заттай айғақтарды, атап айтқанда, қылмыс құралын таппады, сол себептен, қорғаушы тарап соттыӊ қорытындысы көбінесе куәгерлердіӊ объективті емес түсініктеріне негізделгенін айтты.

Сондай-ақ Омбудсмен азаптаулар туралы жария еткен тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қоғамда талқыға салынған мәселені қарауды ұсынып отыр. Көп жағдайда азаптаулар фактілерініӊ тиісті тергелуіне күмәнданған жәбірленушілер, жалған мәлімет жеткізгені үшін айыпталудан қорыққандықтан, оларға қатысты жасалған қылмыс туралы жария етуге қауіптенеді. Осыған байланысты, құқық қорғау ұйымдары жоғарыда көрсетілген үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды азаматтардыӊ сот төрелігіне қолжетімдігіне берілетін құқықтарыныӊ шектелуімен байланыстырады.

Сондай-ақ шағым-арыздарда алқабилер институтыныӊ істіӊ сотта қаралуын кеӊейту, сот ісін жүргізудіӊ қылмыстық-іс жүргізу нысаны мен алқабилерге үміткерлердіӊ сотқа дейінгі іріктеу процедурасын жетілдіру бөлігінде алқабилер институты дамуыныӊ маӊыздылығы туралы айтылған. Алқабилердіӊ тәуелсіздігін нығайтуға, сондай-ақ олардыӊ судьялармен құқықтық қарым-қатынасын нормативтік жетілдіруге жекелеген көӊіл бөлінді.

Үндеу хат жолданған тұлғаныӊ назарын сондай-ақ жекелеген судьялардыӊ заӊсыз іс-әрекеттері фактілеріне аударды. Осындай оқиғалар жалпы қоғамныӊ бүкіл сот жүйесіне сенімсіздігін тудыратыны туралы атап өтілді.

Мәселен, Ақтөбе облысыныӊ сотыныӊ бір топ судьяларыныӊ аталмыш сот төрағасыныӊ судьялық этиканы жүйелі түрде бұзуы, судьяларға заӊсыз қысым көрсетуі фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған үндеу хаты кеӊ ауқымды резонансты тудырды.

Аталмыш мәнмәтінде Омбудсмен Мемлекет басшысыныӊ әділ соттылықты жүзеге асыруды заӊнамалық реформалау мен сот корпусын сапалы түрде жаӊарту туралы тапсырмалары уақытылы және ерен маӊызды екенін атап өтті.

Жоғарыда көрсетілген мәселелер қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқан "Қазақстан Республикасыныӊ сот жүйесі мен судьяларыныӊ мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Конституциялық заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасында көрініс табатынына сенімін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны