14.11.2007, 16:34 1773

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы мен ішкі істер вице-министрі Астананың арнайы мекемелеріндегі адам құқығын сақтаудың ахуалымен танысты

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы мен ішкі істер вице-министрі Астананың арнайы мекемелеріндегі адам құқығын сақтаудың ахуалымен танысты

Астана. 14-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы пен Ішкі істер министрлігінің арасында үстіміздегі жылдың 8-қарашасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында орталық басшысы Вячеслав Калюжный мен ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев адам құқығын сақтауға бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының ішкі істер департаментінің арнайы мекемелеріне барып қайтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз баянында хабарланғандай, А. Шпекбаев пен В. Калюжный күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторында, тұрғылықты жері және құжаттары жоқ тұлғаларды қабылдау бөлімінде, әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау бөлімінде және кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және реабилитациялау орталығында азаматтардың құқықтарының қалай сақталатындығымен танысты. Сонымен қатар, оларды ұстау жағдайлары мен тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету деңгейі, арнаулы орындардағы ахуалдың халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестігі зерделенген.

А. Шпекбаев, Ішкі істер министрлігі арнайы мекемелердегі тұлғалардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау деңгейін көтеруге мүдделік танытып отырғандығын, атап өтті. Арнайы мекемелердегі адам құқығын қорғауға соттық, прокурорлық, мекемелік және қоғамдық бақылау жасалынады.

Сонымен қатар, 2006 - 2007 жылы халықаралық стандарттарға сай 8 тергеу изоляторы пайдалануға берілген, жыл аяғына дейін Өскеменнің Ішкі істер басқармасы мен Ақтау қаласының Ішкі істер басқармасының тергеу изоляторларын пайдалануға беру жоспарлануда. 12 тергеу изоляторына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 28 тергеу изоляторы қайта құрылған. 2008 жылы жергілікті атқару органдары 6 тергеу изоляторын салуға қаржы бөлуді жоспарлауда.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыс орталығының мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылдың 10 айында Ішкі істер министрлігінің арнайы мекемелеріне 67 мыңнан астам адам қамалған. Кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және реабилитациялау орталығына 7 мыңнан астам жасөспіріп түскен, соның ішінде 5,5 мыңы қараусыз балалар мен жасөспірімдер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны