14.04.2021, 18:47 18523

Адамдарды оқытуға және жұмыс іздеуге арналған сайт: Алматыда Бірыңғай коммуникациялық кеңістік құрылады

Бірыңғай коммуникациялық кеңістік қаланың барлық колледждерін, жоғары оқу орындарын, инкубаторлары мен технологиялық жеке кәсіпорындарын бір платформаға біріктіруге мүмкіндік береді.

АЛМАТЫ. 14 СӘУІР - Алматыда Бірыңғай коммуникациялық кеңістік құру үшін барлық білім беру мекемелері, инкубаторлар мен акселераторлар біріктіріледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде 5 жобаны жүзеге асыру арқасында мегаполисте жайлы, цифрлық орта құру туралы айтты. Олардың бірі дарындыларды іздеуге қатысты.

Алматыда Бизнестің бірыңғай картасы, АЖ түгендеу, бірыңғай коммуникациялық кеңістік, қаланың бірыңғай технологиялық сәулеті және бірыңғай деректер қоймасы сияқты жобалар 100% іске асырылды.

Алматыда цифрландыруды қолдануға ұмтылатын негізгі сала - экономика, бүгінде ол біртіндеп "цифрлық" экономикаға айналып келеді. Баян Қоңырбаев бизнестің бірыңғай картасы – "Қаланың экономикалық портретінің" іске асырылуына егжей-тегжейлі тоқталды. Спикердің пікірінше, цифрлық экономикаға көшу азаматтарға қызметтер мен тауарларға жылдам және оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге ол мегаполистің IT-қауымдастығының өкілдері үшін бірыңғай коммуникациялық кеңістік (https://ekp.digital-almaty.kz) құру, нақтырақ айтқанда, "Бизнес кабинеті" туралы айтты.

Баян Қоңырбаев атап өткендей, бірыңғай коммуникациялық кеңістік қаланың барлық колледждерін, ЖОО-рын, инкубаторлары мен технологиялық жеке кәсіпорындарын жеке даму жоспары бойынша адам кадрларын дамытуға назар аудара отырып, бір платформаға біріктіруге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, сайт жұмыс іздеу және адамдарды оқыту үшін жасалды. Жобаның мақсаты барлық білім беру мекемелерін, инкубаторларды, акселяторларды бір алаңға біріктілу болып табылады. АT компаниялары мен АТ дарындылары платформада белсенді түрде тіркеле бастады. Бұл шамамен 20 АТ-компаниясы және 1 000 АТ-дарынды.

Арнайы "Бизнес кабинетінде" дарындылар сауалнамасын толтырып, өзі, дағдылары, білімі туралы жалпы ақпарат беруге болады. Сонымен бірге қаралымдар статистикасын қарауға болады.

Платформаны одан әрі дамыту шеңберінде: геймификациялық бос жұмыс орындарын құру, өз офлайн/онлайн-білім беру іс-шараларын құру мүмкіндігі; бос орындарда, жауап беру алдындағы міндеттерде онлайн-тестілеуді құру мүмкіндігі, онлайн-әңгімелесуден өту мүмкіндігі жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны