21.04.2014, 21:17 3673

АДБ 47-ші отырысына 3 мыңға жуық делегат қатысады - Д. Дрилон

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан мен АДБ 20 жыл ынтымақтастық аясында жалпы сомасы 3,2 млрд доллардың жобасын жүзеге асырған. Қомақты қаржы ауылшаруашылығын, білім мен көлік және қаржы салаларын дамытуға бағытталды.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan today. АДБ 47-ші отырысына 3 мыңға жуық делегат қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Жыл сайынғы Азия даму банкінің үйлестірушісі Джил Дрилон мәлімдеді.

"Мен соңғы 10 жылда жыл сайын отырыс ұйымдастырып жүрмін, оның бірінші жиыны Стамбул қаласында өтті. Бұл осымен 10-шы отырыс. Оған 3 мыңға жуық делегат қатысады деп отырмыз, ал оның 400 халықаралық банкирлер санатынан болмақ. Оған қоса, біз жеке сектордың компаниялары, экономикалық орта және азаматтық қоғамда отырысқа белсенді атсалысады деген ойдамыз", - деді Джил Дрилон.

Айта кетерлік, Астанада 2014 жылдың 2 мен 5 мамыр аралығында 47-ші жыл сайынғы Азиялық даму банкінің отырысы өтеді.

Келелі кеңеске жетекші отандық және шетелдік қаржы институттарының, даму институттары мен шағын және орта бизнестің экономистері, басшылары мен сарапшылары қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, Бүгінде Қазақстанда жұмыс істеп жатқан халықаралық инвестициялық компаниялардың басшылық өкілдері келеді.

Конферернцияға қатысушылар Қазақстанның экономикасы мен қаржы жүйесін дамыту мәселесіне қатысты сұрақтарды талқылайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан мен АДБ 20 жыл ынтымақтастық аясында жалпы сомасы 3,2 млрд доллардың жобасын жүзеге асырған. Қомақты қаржы ауылшаруашылығын, білім мен көлік және қаржы салаларын дамытуға бағытталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны