03.04.2014, 20:50 3556

Иділбек Жақсыбеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалды

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Президент Икімшілігі Басшысы лауазымына Нұрлан Нығматулинді тағайындағаны туралы мәлімдеп, оның өңірлік деңгейде де, орталық деңгейде де мол жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент Икімшілігінің басшылық құрамымен кездесті.

Мемлекет басшысы кездесу барысында Кәрім Мәсімовке Президент Икімшілігі Басшысының қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл шешім осындай күрделі кезеңде Үкімет жұмысына тың серпін беру үшін қабылданды. Біздің "Қазақстан - 2050" Стратегиясы аясында мақсаттарымыз бар және Үкімет оларға қол жеткізу үшін жасалатын жұмысты жандандырғаны жөн. Бұл міндет жауапты әрі оңай емес", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өз Жарлығымен Иділбек Жақсыбековтің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалғанынан хабардар етті.

"Мемлекеттік хатшы кең ауқымдағы міндеттерді атқарады, ал И.Жақсыбековтің бұдан бұрынғы қызмет салаларында жинаған тәжірибесі мен білімі жаңа қызметіндегі міндеттерді шешуге айтарлықтай септігін тигізетін болады", - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Президент Икімшілігі Басшысы лауазымына Нұрлан Нығматулинді тағайындағаны туралы мәлімдеп, оның өңірлік деңгейде де, орталық деңгейде де мол жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті.

"Өздеріңіз білетіндей, Президенттің Икімшілігіне жоғары жауапкершілік жүктелген, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі сіздердің жұмыстарыңызға байланысты. Сондай-ақ Икімшілік өңірлік және орталық атқарушы органдардың жұмысын үйлестіре отырып, қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалуын қадағалайтын негізгі бақылаушы орган болып саналады. Осыған байланысты негізгі міндет - ел азаматтарының мүддесіне сай келетін барлық қажетті шешімдердің қабылдануын қамтамасыз ету және жүзеге асыру", - деді Қазақстан Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны