25.06.2015, 11:06 3325

Иділбек Жақсыбеков ТМД ірі қалалары мен елордалары Халықаралық Ассамблеясыныӊ вице-президенті болып тағайындалды

Астана қаласыныӊ әкімі И. Жақсыбековке Мәскеуден ТМД елордалары мен ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясыныӊ бас директоры В. Селивановтыӊ атынан жеделхат келді

Астана. 25 Маусым. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ әкімі И. Жақсыбековке Мәскеуден ТМД елордалары мен ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясыныӊ бас директоры В. Селивановтыӊ атынан жеделхат келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жеделхатта Халықаралық Ассамблеяныӊ ХХІІІ сессиясыныӊ шешімімен Иділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков аталмыш ұйымныӊ вице-президенті болып тағайындалғаны туралы айтылған, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Бас директор Астана әкімін Ассамблея атынан осы оқиғамен құттықтап, нәтижелі ынтымақтастық пен Халықаралық Ассамблеяда және Қазақстан астанасы мен ірі қалаларына лайықты өкілдік ететініне сенімін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны