24.07.2014, 21:33 3714

Иділет органдарының 80%-ға жуық қызметі электронды түрде көрсетіледі

Алғашқы жарты жылдықта көрсеткен 6 млн қызметтің 79%-ын әділет органдары электронды түрде көрсетті, - деп ҚР Иділет министрлігінен хабарлады.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan today. Алғашқы жарты жылдықта көрсеткен 6 млн қызметтің 79%-ын әділет органдары электронды түрде көрсетті, - деп ҚР Иділет министрлігінен хабарлады.

Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ибішевтің хабарлауынша, әділет департаменті мен басқармалары 574 қызметті уақытылы көрсете білмеген, бұл дегеніңіз комитет бойынша жалпы көрсетілген қызметтің 0,009%-ы.

Иділет министрінің орынбасары Бақытжан Ибдірайымның айтуынша, халық арасында электронды қызметке деген сұраныс артып келеді. Егер өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстыратын болсақ, көрсетілген е-қызмет саны 15%-ға артқан. Бірінші кезекте бұл заманауи ақпараттық технологияның енгізілуімен, әкімшілік кедергілердің азаюымен және сыбайлас жемқорлықпен күресумен байланысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны