23.05.2014, 22:15 2603

АЭФ аясында G-Global жобасын қолдау мақсатында түрлі акциялар өтеді

VII Астана экономикалық форумы мен ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция барысында, 21-23 мамыр күндері Тәуелсіздік сарайында "G-Global" Жобасын қолдау мақсатында "Біз G-Global-ды қолдаймыз" атты акциясы ұйымдастырылуда.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. VII Астана экономикалық форумы мен ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция барысында, 21-23 мамыр күндері Тәуелсіздік сарайында "G-Global" Жобасын қолдау мақсатында "Біз G-Global-ды қолдаймыз" атты акциясы ұйымдастырылуда.

Астана қаласының жастары G-Global логотипі бейнеленген футболкалар мен қалпақтар киіп, әлем картасы көрсетілген стендтердің алдында форум келушілері мен қонақтарын G-Global жобасымен таныстыруда,деп ұйымдастырушылар хабарлады.

Стенд жанында студенттер G-Global жобасы туралы ақпарат беріп, жобаның артықшылықтарын тілге тиек етеді.

Сондай-ақ, шетелдік қонақтар картада өз мемлекеттерін арнайы жалаулармен белгілейді. Жоба әлемдік қаржылық дағдарыстан шығу жолдарын іздестіретін тетіктерді табу, талқылауға және дағдарысқа қарсы жолдарды іздестіретін қатысушылардың санын арттыруға бағытталғандығын айтқан жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны