05.05.2014, 20:24 3180

АЭФ аясында "G-Global-жаңа экономикадағы әйелдер рөлі" форумы өтеді

2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында Астанада, ҚР Тәуелсіздік сарайында VII Астана экономикалық форумы аясында(АЭФ) "G-Global-жаңа экономикадағы әйелдер рөлі" атты Халықаралық әйелдер форумы өтеді.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында Астанада, ҚР Тәуелсіздік сарайында VII Астана экономикалық форумы аясында(АЭФ) "G-Global-жаңа экономикадағы әйелдер рөлі" атты Халықаралық әйелдер форумы өтеді.

"Осындай іс-шараны тұрақты түрде өткізіп тұру идеясы ҚР президенті Н. И. Назарбаевтың дәстүрлі халыққа жолдауын зерттеу барысында пайда болды",- дейді ұйымдастырушылар. Жолдауда қоғам дамуындағы әйелдердің маңызды рөлі, экономиканың сәтті дамуы, әлеуметтік шиеленістің төмендеуі мен тұрғындардың өмір сүру жағдайы артуы үшін шағын және орта бизнес, соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінген.

Илемдегі халықтың 50%-дан астамын әйелдер құрайды және олардың өзі тұратын, балалары өмір сүретін қоғамға көзқарасы немқұрайлы емес. Ийелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қажетті шарттарды мойындап, қамтамасыз етуші елдер дұрыс бағытта келеді. Қазақстан Республикасының гендерлік тең құқықтық мәселелесіндегі жетістіктерін халықаралық қауымдастық мойындаған. 2013 жылы жүргізілген жыныстық тең құқықтық деңгейі рейтингінде Қазақстан 136 ел арасында 32-ші орынға ие болды.

"G-Global - жаңа экономикадағы әйелдер рөлі" Халықаралық Ийелдер Форумының мақсаты - әйелдер әлеуетін дамыту, инвестиция мен инновацияларды тарту, сонымен қатар Астанада болатын ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемнің әйел-кәсіпкерлерін қатыстыру үшін жүйелі түрдегі дайындық жұмыстарын жүргізу, деп форум ұйымдастырушылары хабарлады.

Форум бағдарламасы екі секциядан құралған - "Ийелдердің саяси және экономикалық мүмкіндіктері" және "Орталық Азия және Ауғанстан әйелдерінің рөлі".

Форумда ашық пікірсайысқа көрнекті сарапшылар мен қонақтар қатысады. Ауғанстанның әйел істері жөніндегі министрі - Хасан Бану Газанфар, Қырғыз Республикасы Парламенті депутаты - Алтыбаева Айнуру, Өзбекстан Республикасы Заң шығарушы палатасы Мәжіліс депутаты - Ниязова Джамиля, Түрікменстан Республикасы Мәжіліс депутаты - Казакова Джерен Нурыевна, Қазақстан Республикасының Украинадағы құрметті консулы - Маслюк Галина Дмитриевна осы Форумға қатысатындықтарын растады.

Форум аясында Ассоциация әлемдік сарапшылар мен әйелдер қозғалысы көшбасшыларының шебер-кластары мен танымал бизнес-жаттықтырушылардың тренингтерін ұйымдастырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны