11.04.2014, 19:55 3130

АЭФ аясында I Халықаралық G-Global журналистикасының саммиті өтеді

2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында өтетін VII Астана экономикалық форумы аясында "G-Global: XXI ғасыр әлемі" I Халықаралық G-Global журналистикасы саммиті өткізіледі.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында өтетін VII Астана экономикалық форумы аясында "G-Global: XXI ғасыр әлемі" I Халықаралық G-Global журналистикасы саммиті өткізіледі.

Саммит экономикалық сектор, жаһандық журналистика және соңғы технологиялардың өзара әрекеттесуінің ақпараттық платформасын құру мақсатын көздейді, дейді ұйымдастырушылар.

Осы саммит қарсаңында Астана қаласында "Медиадағы жаңа технологиялар" тақырыбында интерактивті ток-шоу ұйымдастырылды.

"Біз өз экономикамызды алға тартуымыз үшін, 5 жылдың ішінде бізге 80 млрд.доллар қажет. Ал, индустриалды-инновациялық бағдарламаның құны 46 млрд.доллар шамасын құрайды. Бұл бізге инвестициялардың қажет екендігін көрсетеді. Ал, инвестиция құятындар біздің экономикамыздағы объективті ұстанымдарды білуі қажет. Ал, оларға осы ақпаратты жеткізетіндер, әрине журналистер. Сондықтан да журналистер осы саланы жетік меңгерген, сапалы мамандар болуы керек", - деді шараға қатысқан Бас редакторлар Клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай.

Сонымен қатар Бас редакторлар Клубының президенті журналистика саласында ақпараттарды өзара қысқарту емес, өзара толықтыру керек екендігін де жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны