Система Orphus

АЭФ аясында туризм саласында ынтымақтастық туралы қарар қабылданды

26.05.2014, 21:08 89

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. VII Астана экономикалық форумының "Туризм интеграция негізі ретінде" панельді сессиясының қатысушылары туризм саласында ынтымақтастық туралы қарар қабылдады.

Қарар аясында тараптар Жібек жолы бойында туризм саласын дамытуда өзара ықпалдасуға келісіп, соның ішінде инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беретін туристік бастамаларды ынталандыру, сонымен қатар қызметкерлерге арналған кәсіби бағдарламалар мен тренингтерді ұйымдастыру шараларын қолға алатын болып келісті, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті.

Сонымен қатар тараптар географиялық және тарихи мұраның бәсекеге қабілетті құндылықтарын ілгерілетуге арналған арнайы тақырыптық туристік пакеттер арқылы бірлескен маркетингтік дестинацияларды қолдауға тоқталды.

Және де Ұлы Жібек жолы елдерінің өкілдерінің қатысуымен ақпараттық турлар ұйымдастырылмақ.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда туристіктердің 30 пайызы Ұлы Жібек жолы бойындағы турларқа қызығушылық танытса, 22 пайызы Орта Азия елдеріне қызығушылық танытып отыр.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны