23.05.2014, 22:31 6051

АЭФ аймақтық пікірталас алаңынан халықаралық экономикалық өмiрдiң әйгiлi iс-шарасына айналды-Елбасы

ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев VII Астана экономикалық форумы қатысушыларын құттықтау барысында АЭФ аймақтық пікірталас алаңынан халықаралық экономикалық өмiрдiң әйгiлi iс-шарасына айналғандығын айтты.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев VII Астана экономикалық форумы қатысушыларын құттықтау барысында АЭФ аймақтық пікірталас алаңынан халықаралық экономикалық өмiрдiң әйгiлi iс-шарасына айналғандығын айтты.

"Бiздiң форумымыз аймақтық пікірталас алаңынан халықаралық экономикалық өмiрдiң әйгiлi iс-шарасына айналды.

"150 елдегі 4 млн пайдаланушының басын қосып отырған G-GLOBAL ғаламдық диалогтың виртуалды алаңы сәттi жұмыс iтеуде", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

"Бұл форум 150 елден 10 мың қатысушыны жинап отыр. БҰҰ қолдауымен Астана экономикалық форумы аясында II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция өттi. Бұл форумның аясында өте көп мәселелер қамтылған. Мен форумға қатысушылардың барлығына Қазақстанға өз уақытын бөлiп келгені үшiн ризашылығымды бiлдiремiн",- Н. Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны