23.05.2014, 22:37 3152

АЭФ-та айтылған идеяларды G-Global бірыңғай интеллектуалдық базасына жинастыру керек - Н.Назарбаев

"Осындай жағдайда G-Global жылдамдылық пен жаңа рең берген жөн. G-Global бірыңғай зияткерлік базасын жасаған жөн. Онда Астана экономикалық форумын өткізу жылдарында G-Global порталы бойынша айтылған идеяларды жинақтауға болады", - деді Н. Назарбаев.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін VII Астана экономикалық форумда Қазақстан Республикасының Презденті Нұрсұлтан Назарбаев "АЭФ-та айтылған идеяларды бірыңғай G-Global зияткерлік базасына жинастыру керек", деп мәлімдеді.

"Осындай жағдайда G-Global жылдамдылық пен жаңа рең берген жөн. G-Global бірыңғай зияткерлік базасын жасаған жөн. Онда Астана экономикалық форумын өткізу жылдарында G-Global порталы бойынша айтылған идеяларды жинақтауға болады", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, бұл бағалы мәліметтірді тақырыбына, жылына, авторына қарай топтастырған абзал.

"Сонымен қатар, БҰҰ атынан барлық экономикалық саяси форумдарда беретін ұсыныстар тізімін жасақтау керек. Мен, бұл форум өте нәтижелі болады деген ойдамын және БҰҰ күн тәртібін 2015 жылдан кейін тұрақты дамуда жаңа мақсаттарға жету бойынша жасақтауда маңызды роль атқарады деген ойдамын", - деп ҚР Президенті атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны